"Ақмола облысы Білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Аршалы кентінің Балалар музыка мектебі" МКҚК-да ұжымда сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс-әрекеттер туралы жиналыс және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауы бойынша мектептің еңбек ұжымында түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Егер мектепте лауазымды адам немесе мектеп қызметкері жасаған сыбайлас жемқорлық әрекеті орын алғаны туралы қандай да бір куәлік болған жағдайда, бұл туралы мектептің комплаенс-офицеріне не өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына дереу хабарлау керек.
Өзге қызметкер, сондай-ақ үшінші тұлға сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасауға итермелеу фактілері туындаған жағдайда және/немесе қызметкерді сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасауға көндіруге қатысты белгілі фактілер немесе күдіктер туралы ақпараты бар мектеп қызметкерлері мектептің комплаенс-офицерін дереу хабардар етуге міндетті.