"Аршалы балалар музыка мектебі" Мемлекеттік Коммуналдық Казыналық кәсіпорын
Государственное Коммунальное Казенное предприятие Аршалынская "Детская музыкальная школа"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық домбыра күні

01.07.2022

 Ұлттық домбыра күні !

Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. Қазақ пен дом­быра егіз ұғым болған! Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген қанатты сөздері күмбірлеген қара домбыраның сан ғасырлық тарихын дәлелдеген.                         

Домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас. Ол – құнды қазына, ұлттық рух. Халқымыздың қадір тұтып, төрге ілген киелі аспабының құрметіне Елбасы мұрамызды жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Ұлттық домбыра күнін белгіледі.

Домбыра күнінің белгіленуі жай­дан-жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі тірліктің бірі. Ұлттық домбыра күніне орай ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында  біздің Аршалы аудынының балалар музыка мектебі мерекелік іс-шара өткізіп, қазақтың атақты күйшілерінің күйлерін орындады. Мерекелік іс-шараға мектебіміздің  педагогтері мен оқушылары ат салысты.

 

Просмотров: 408


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст