"Аршалы балалар музыка мектебі" Мемлекеттік Коммуналдық Казыналық кәсіпорын
Государственное Коммунальное Казенное предприятие Аршалынская "Детская музыкальная школа"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Музыка туралы қызықты мәліметтер

13.12.2020

Музыка туралы қызықты мәліметтер
Әр адамның өмірі музыкамен немесе дыбыстармен байланысты.Музыка әлеміндегі ең таңғажайып заттардың бірі болып табылады.
1.Музыканың әсерінен гүл тез өседі. 
2.Біздің жүрегіміз, тыңдап отырған музыканың ырғағымен бірдей соғады. 3.Спортпен шұғылдану кезінде музыка тыңдау, төзімділікті арттырады. 4.Әйгілі Биттлз тобының әншілері, бірде-бір музыкалық нота білмеген. 5.Warner Brothers компаниясы, «Happy Birthday» әнінің авторлық құқығына ие болуы себебінен, бір жылда 2 миллион доллар ақша табады. 
6.1991 жылы Бразиялида «A-ha» тобының концертіне 195 мың адам жиналды. Бұл әлем рекорды. 
7.Жауапсыз махаббат кезінде музыканы тыңдау ұсынылады, бұл теріс эмоциялармен күресуге көмектеседі. 
8.Metallica тобының орындаушылары – барлық материктерде ойнаған жалғыз музыканттар. Антарктикадағы концерттен кейін Гиннес кітабына енгізілді. 9.Электрогитараны ойлап тапқан Лео Фендер, гитарада мүлдем ойнау білмеген. 
10.Зерттеуге сәйкес, рок жанрының әншілері ерте қайтыс болады. 11.Американдық рэп орындаушы NoClue, Гиннесс кітабына әлемдегі ең жылдам рэпер ретінде енді – ол 51,27 секундта 723 сөз оқи алады. 
12.Психологтардың пікірінше, музыка өз мақсаттарына қол жеткізуге және өз-өзіне сенімділікті арттыруға көмектеседі. 
13.Музыканттардың есту қабілеті, музыкамен әуестенбейтін адамдарға қарағанда жоғары. 
14.Музыкалық әлемнің сөзсіз бестселлері «White Christmas» деп аталатын ән. 1942 жылы оның 50 миллионнан астам данасы сатылды. 
15.Атақты композитор Лювиг ван Бетховен, музыка шығару алдында басын салқын суға салып отырған. 
16.«Музыка» сөзі, бізге ежелгі гректерден келді. 
17.Саксофонды 1841 жылы Парижде бельгиялық шебер А.Сакс жасады. Соның құрметіне бұл аспапты саксофон деп атады. 
18.«Психоанализдің атасы» Зигмунд Фрейд музыканы жек көрді. Ол тіпті қарындасының фортепианосін үйден шығарып тастады.
19. Музыканы қосып қойсаңыз, сиыр көбірек сүт береді. Әлемдегі ең қымбат гитара Fender Stratocaster, қайырылымдылық аукционында 2,8 миллион доллар ақшаға сатылып кетті. 
20.Ежелгі Египетте музыканың көмегімен жүйке аурулары және ұйықысыздық емделген. 
21.Музыкалық әуен сәбилерге оң әсерін тигізеді. Музыка – жылап жатқан нәрестені тыныштандыруға арналған жақсы амал. 
22.Ырғақ сезімі бізде ғана емес, сонымен қатар ол тотықұс, піл және шимпанзеде бар екені анықталды.

Просмотров: 632


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст