Текст
Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Дәулетіміз шалқып, береке - бірлігіміз жараса берсін!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!